Соңғы жылдары әлемдік нарықта үш өлшемді форматтағы фильмдердің (3D) кәдімгідей басымдыққа ие екенін білеміз. Бұл анимациялық фильмдерге қатысты айтқанда да солай. Мысалы, балалар түгілі ересектердің өзін экранның алдына матап қоятын «Шрек мәңгілік» мультфильмі осы форматта түсірілген. Әлемдік үрдіс отандық киноны айналып өтпегенімен, мультфильмімізге жете қоймаған жайы бар еді. Жуырда бұл асу да бағындырылды, яғни, тұңғыш рет осы үш өлшемді форматта «Батырлар» атты мультфильм түсірілді.

Анимациялық фильм Motion Capture жаңа технологиясы негізінде әзірленген. Ал жобаны «Қазақстан» РТРК» АҚ тапсырысы бойынша «Нұр Отан» партиясының қолдауымен «Kazakhstan Computer Graphics» компаниясы түсірген. Жуырда елордадағы «Керуен» ойын-сауық орталығында тарихи-анимациялық мультхикаяның тұсаукесер рәсімі өтті.
«Ұлтының тұтастығын, жерінің бүтіндігін мұрат еткен қазақ батырлары туралы көркем фильмдер түсіріліп келген. Ал «Батырлар» туындысы осы тақырыпты көтерген тұңғыш анимациялық фильм. Аты аңызға айналған ержүрек батырларымыздың бірі, XVIII ғасырдағы Қазақ елінің жоңғарларға қарсы ұлт-азаттық соғысындағы көрнекті қаһарман – Наурызбай батырдың ел тағдырындағы тарихи орны мен ерлік жорықтарының маңызын өскелең ұрпақтың санасына сіңіру маңызды міндет», – деді «Қазақстан» РТРК» АҚ-тың төрайымы Н.Мұхамеджанова тұсаукесер рәсімінде.
Мультхикая продюсері Айнұр Темірханқызы мультхикаяның XVII-XVIIІ ғасырлардағы қазақ-жоңғар шайқастарының тарихи оқиғаларын бейнелейтінін, фильмнің салқынқандылық, парасаттылық және бірлік сынды бірнеше бөлімнен тұратынын мәлімдеді. Ал, мультфильмнің режиссері Мәлік Заңғар «біз батырлар туралы ғана сөз қозғамаймыз. Кейіпкерлердің ішкі жан дүниесіне компьютерлік графика мүмкіндіктері тұрғысынан қарадық. Бұл туындының мультхикая және оның негізгі көрермендері балалар екендігін ескере отырып, әрбір бөлімнің, әр кейіпкердің тарихи шынайы бейнесін сақтауға тырыстық», – деді.
«Батырлар» – соңғы ІІІ-ІV ғасырда халқымыздың жадында өмір сүріп, ерлік пен намыстың, отаншылдықтың символына айналып үлгерген Бөгенбай және Наурызбай батырлардың батырлық жорықтары туралы сыр шертетін тұңғыш отандық анимациялық фильм. Көрермен бұл туындыны алдымен «Балапан», сосын «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан көретін болады.
Айгүл СЕЙІЛОВА,
«Егемен Қазақстан».