Аймақтар • 12 Тамыз, 2021

Алматыда қыз-келіншектерді пышақпен қорқытып, зорлаған ер адам сотталды

680 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда қыздарды пышақпен қорқытып, зорлық әрекеттерін көрсеткен ер адам сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Алматыда қыз-келіншектерді пышақпен қорқытып, зорлаған ер адам сотталды

Бұл туралы Алматы қалалық ПД басшысының орынбасары Рустам Әбдірахманов Іnstagram-да жазды.

Алматыда «Баум» тоғайында қыздарды торуылдап, пышақпен қорқытып зорлап жүрген ер адамға сот үкімі жарияланды.

«1991 жылы туған Айдарханов ҚК-нің 2-бабы 4-бөлімі «Жыныстық сипаттағы зорлау әрекеттері» бойынша сотталды», деп жазды Рустам Әбдірахманов.

Қылмыскер тоғайда қыз-келіншектерді торуылдап, оларды пышақтаймын деп қорқытып, зорлаған.

Тергеу барысында күдіктінің тағы төрт қылмысқа қатысы бары анықталды. Тергеу жұмыстарымен Түрксіб аудандық полиция басқармасының тергеушілері айналысты.

Соңғы жаңалықтар

Елімізде бір жылда 795 мың қалдық жиналды

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:20