Технология • 12 Тамыз, 2021

Әскердегі азаматтардың арызын қабылдайтын сайт іске қосылды

195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Қарулы Күштерінің Әскери полициясы бас басқармасы азаматтардан армиядағы құқық бұзушылықтар мен тәртіпсіздіктер туралы ақпарат қабылдау үшін мобильдік қосымшасы бар askeri-senim.kz сайтын әзірледі, деп жазады Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Әскердегі азаматтардың арызын қабылдайтын сайт іске қосылды

Әскери полиция бас басқармасының дерегіне сүйенсек, «Әскери сенім» жобасы армиядағы құқықтың тәртіпті қамтамасыз ету, хабарламаларды қабылдау, есепке алу және бақылау процесін автоматтандыру, құқық бұзушылықты жасау фактілеріне ден қою сапасы мен жеделдігін арттыру және олардан сақтандыру, алдын алу туралы жаңа ақпарат көздерін енгізу мақсатында іске асырыла бастаған

«Пайдаланушылар әскери полиция органдарына электрондық форматта орны мен уақытына, тергеу жүргізілуіне, сондай-ақ хабарланатын мәліметтердің толықтығына қарамастан, жасалған немесе жасауға әрекеттеніп жатқан кез келген құқық бұзушылық туралы тікелей хабарламаларды жолдай алады. Сайттың мобильдік қосымшасы да барлық Android және IOS құрылғыларына орнатылып, бірге жұмыс істейді. Арнайы қосымшаны askeri-senim.kz сайтынан жүктеп алуға болады», делінген ҚР Қорғаныс министрлігі таратқан хабарламада. 

Қосымша мен сайтты пайдаланушылар жеке кабинет арқылы бекітілген жауапты лауазымды тұлғамен жасырын хат алмасып, өтініштің қаралу статусы мен жауаптарды бақылай алады. Өтініш статусының өзгергені, жауапты лауазымды адамның тағайындалғаны және оның жауаптары туралы өзекті деректер электрондық поштаға келіп түседі.