Австралия өз азаматтарына шетелге еркін шығуға тыйым салды. Енді тек биліктің арнайы рұқсатымен ғана шығуға болады.
Мельбурн қаласында қатаң карантин бір аптаға ұзартылды. Мегаполис тұрғындарына себепсіз үйден шықпауға нұсқау берілді.
Вашингтон билігі жергілікті деңгейдегі шенеуніктер үшін коронавирусқа қарсы вакцина салдыруды міндеттеп жатыр. Шенеуніктер иммундаудан 2021 жылдың 19 қыркүйегіне дейін өтуі керек. Вакцина алмағандар аптасына бір рет коронавирусқа тест тапсыруға міндетті.
Франция Үкіметі вирусқа қарсы вакцина жаңа карантиннің алдын алуға мүмкіндік берді деп мәлімдеді.
«Бұл ретте елдегі санитариялық-эпидемиялық жағдай шиеленісе түсуде», деп атап өтті Үкіметтің ресми өкілі.
Бұл тұрғыда ел Президенті Э.Макрон қарсы көрсетілімі жоқ барлық тұрғынды вирусқа қарсы екпе алуға шақырды.