Спорт • 12 Тамыз, 2021

Қазақстандық балуандар әлем чемпионатына қатысады

378 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

21 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионаты Ресейдің Уфа қаласында өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық балуандар әлем чемпионатына қатысады

11-23 тамыз аралығында Уфада өтетін 21 жасқа дейінгі спортшылар арасында күрес түрлерінен әлем чемпионатына аттанатын қазақстандық спортшылардың есімдері белгілі болды.

Біздің елден күрес кілеміне:

55 келі: Исхар Құрбанов;

60 келі: Нұрсұлтан Базарбаев;

63 келі: Диас Әскербай;

67 келі: Дінмұхаммед Қошқар;

72 келі: Әбдиазым Қарабаев;

77 келі: Расул Жүніс;

82 келі: Әзімхан Абдалиев;

87 келі: Мақсат Сайлаубеков;

97 келі: Ерзат Ерланов;

130 келі: Асылбек Жәнібекұлы шығады.

Құраманың аға жаттықтырушысы - Нұрым Дүйсенов.

Аталған жарыста 54 елден 1500 спортшы бақ сынайтын болады.