Фото: astana.gov.kz
Есіл ауданындағы «Панаехали» барында елорданың бас санитарлық дәрігері қаулысының талаптары бұзылғаны анықталды. Келушілер мен мекеме әкімшілігі маска режимін сақтамаған, сонымен қатар кальян шеккен.
Сарыарқа ауданында карантин талабын бұзушылар тізіміне «Pivovaroff» мейрамханасы, «PS4» ойын клубы енді.
Алматы ауданында белгіленген уақыттан кейін «Бар Graff.in», «Куры Гриль» асханасы, «Рыба моей мечты» караоке бары жұмысын жалғастырды.
Байқоңыр ауданында орналасқан «Панаехали», «Шашлыкоff» барларында, «Жасмин» кафесінде карантин сақталған жоқ.
Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар әкімшілік шаралар қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға берілді.