Әлем • 12 Тамыз, 2021

«Дельта» штамы әлемнің 142 елінен анықталды

113 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемде коронавирус жұқтырғандар қатары еселеп артуда, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Дельта» штамы әлемнің 142 елінен анықталды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес, бір аптаның ішінде «дельта» штамы анықталған елдер саны 142-ге жетті. Ал ковидке шалдыққандар 4 процентке өсті.

Қаупі жоғары 4 штамның ішінде «Альфа» мутациясы да өршіп барады. Қазір ол әлемнің 185 елінде бар. Сарапшылар бұл тенденцияны вакциналау науқанының баяу жүруімен және жаңа штамдардың тез таралуымен байланыстырады.