Аймақтар • 12 Тамыз, 2021

Жоғалған қызды табуға көмектескен балалар марапатталды

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскеменде 10 жасар балалар жастарының кішілігене қарамай жоғалған қызды табуға белсенді атсалысқан, деп жазады Egemen.kz.

Жоғалған қызды табуға көмектескен балалар марапатталды

Бүгін Саян Төлеуханов пен Нұрәлі Манарбек есімді балалар Өскемендегі Сол жағалау полиция бөліміне арнайы шақыртылып марапатталды. Олар 14 жасар қызды іздеп, тауып дәл уақытында полицейлерге хабарлаған. 

«Полиция және еріктілермен бірге сіздер де жоғалған 14 жастағы қызды бірнеше күн іздедіңіздер. Осы орайда жауапкершілік танытып, немқұрайлылық  көрсетпегендеріңіз үшін алғыс білдіремін. Қо ұлдың ата-анасы сіздерге батыр ұрпақ тәрбиелегендеріңіз үшін құрметімді білдіремін», деді кездесуде Сол жағалау полиция бөлімінің басшысы Ринат Шибутов. Алғыс ретінде подполковник Ринат Шибутов балаларға сертификаттар мен сыйлықтар табыс етті.

Соңғы жаңалықтар