Аймақтар • 12 Тамыз, 2021

Шығыс Қазақстанда 7 мың гектарды шарпыған өрт сөндірілді

71 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында 7 мың гектар жер жалыға оранды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шығыс Қазақстанда 7 мың гектарды шарпыған өрт сөндірілді

6 тамызда сағат 17:00 шамасында Үржар ауданы Сағат ауылынан 18 шақырым жерде қамыс өртенген. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, барлау жүргізді.

«Сасықкөл жағасындағы батпақты жерде қамыс жанды. Өрт ошағына жету қиынға соқты. Өрт сөндірушілер, жергілікті атқарушы орган өкілдері, «Алакөл мемлекеттік табиғи қоры» РММ қызметкерлері тілсіз жауды ауыздықтауға кірісті. Сонымен қатар өрт ауқымын анықтау және сөндірудің дұрыс бағытын таңдау үшін «АН-2» ұшағымен мониторинг жүргізілген. Жердің батпақты болуынан және қатты желдің салдарынан отты өшіру қиындай түсті. Өрт 12 тамыз күні сағат 10.00-де толықтай сөндірілді. Жалын шарпыған аумақ 7 мың гектарды құрады», деп жазылған ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің ақпаратында.

 

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше