Аймақтар • 12 Тамыз, 2021

1 қазаннан бастап Өскемен әуежайы жұмысын қайта бастайды

328 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскемен әуе айлағын қайта құру жұмыстары аяқталуға жақын. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

1 қазаннан бастап Өскемен әуежайы жұмысын қайта бастайды

Әкімдікте атап өткендей, жақын күндері аэродромда жарық-сигналдық жабдықтар орнатылып, техникалық қызметтердің бір бөлігі көшетін ғимарат салынады.

Өскемен әуежайы 1 мамырдан бастап қайта жаңартуға жабылған. Бастапқыда жөндеу жұмыстары 2022 жылға дейін жалғасады деп жоспарланған, бірақ кейінірек мерзімдер қайта қаралды.

Әуежайды жаңғырту барысында ескі ұшу-қону жолағы жаңасына ауыстырылды. Сонымен қатар, жолақтың ұзындығы 2,8 шақырымға, ені 60 метрге дейін өсті. Жаңа сипаттамалар бағыттардың санын арттыруға, сондай-ақ жоғары сыныпты ұшақтарды қабылдауға мүмкіндік береді.

«Соңғы рет Өскемен әуежайын қайта құру сонау 1996 жылы жүргізілген, сондықтан да жаңарту уақыт талабы болды. 1 қазаннан бастап облыс орталығының әуе айлағы өз жұмысын қайта бастайды», деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов нысанды аралағаннан кейін.

ШҚО-ға әуежайды сертификаттайтын арнайы комиссия барды. Сондай-ақ азаматтық авиация комитеті мамандарының басшылығымен жоспарлы ұшулар қарастырылған.