«Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысы бар. Онда вакцинаның әрбір түріне спецификалық қарсы көрсетілімдер қарастырылған. Жиі қайталанатын негізгі сыртқы ұқсастықтар - созылмалы аурулар, обструктивті, бронх демікпесі, аллергиялық аурулар, вакцина құрамына кіретін компоненттердің кем дегенде біреуіне аллергияның болуы», деді Марал Рахымжанова.
Басқарма басшысы ауыр аллергиялық реакция, жүктілік және бала емізу кезеңі вакцинаға қарсы медициналық көрсетілім болып отырғанын еске салды.
Жасөспірімдер жайына келетін болсақ, елімізде 18 жасқа толмағандарға салып сыналған вакцина әзірге болмағандықтан, кәмелетке толмағандарға вакцина салынып жатқан жоқ.
«Вакцинаның екінші компонентін енгізу бойынша жеке қарсы көрсетілімдер бар. Олар: вакцинацияның бірінші компонентінен кейінгі ауыр асқынулар, анафилактикалық шок, ауыр аллергиялық реакциялар, конвульсиялық синдром», деп нақтылады спикер.