Қоғам • 13 Тамыз, 2021

Балалардың дамуы бойынша форсайт-зерттеу жүргізеді

451 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Рухани Жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық даму институты (ҚҚДИ) алаңында Rapid Foresight әдістемесі негізінде Қазақстанда 2035 жылға дейінгі балалық шақ дамуының болжамы мен сценарийін қалыптастыру бойынша форсайт-зерттеу басталды. Сессияға қатысушылар үшін аталған технологиямен танысу мақсатында семинар-тренингтер сериясы өткізілді.

Балалардың дамуы бойынша форсайт-зерттеу жүргізеді

«Балалық шақ» форсайт-зерттеулері «Кемел болашақ» орталығының қызметін құру және қолдау» жобасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Бұл зерттеу қоғамдық сананы жаңғырту бағыттарын ескере отырып, Қазақстанда бала дамуының стратегиясын құруға көмектеседі деп жоспарлануда.

Институт алаңында форсайт-зерттеулер құрамына кіретін оқу семинарлары аяқталды. Оларды Rapid Foresight әдістемесі бойынша модератор, «Жаңа кәсіптер атласы» жобасы жетекшісінің орынбасары Евгений Виноградов жүргізді.

Шараға 40-қа жуық сарапшы, ҮЕҰ, мемлекеттік органдардың өкілдері және ҚҚДИ қызметкерлері қатысты. Қаты­сушылар өздері үшін форсайт ұғымын, оның маңызы мен негізгі кезеңдерін анықтады.

Форсайт-зерттеулері үшін қолда­нылатын Rapid Foresight технологиясы – зерттелетін ортада болып жатқан өз­ге­рістерді сипаттауға, болашақтың бей­несін және оған жету үшін қажетті өз­ге­рістердің жобаларын келісуге мүм­кіндік беретін топтық пікірталастар жи­ынтығы. «Болашақтың бейнесін көру үшін сарапшылар тобы қазіргі жағ­дайды қарастырады, оның дамуын болжайды, қатерлер мен мүмкіндіктерді талқылайды және қатерлерді тоқтату мен мүмкіндіктерді пай­далану үшін қажет түрлі қолдау шараларын ұсынады. Осыдан кейін сарапшылар даму жобаларын жасайды, яғни ықтимал нұсқалардан оңтайлы болашаққа жету үшін бүгін не істеу керектігін айтады», дейді Евгений Виноградов.

Ал алдағы қыркүйек айында ҚҚДИ алаңында бірқатар маманның қаты­суымен балалар болашағы туралы форсайт-сессиясы жоспарланған. «Біз үшін балалармен қарым-қатынастың әртүрлі жақтарын, актерлерді мүмкіндігінше қамту маңызды. Қазір біз алдын ала қарау сессиясында талқылауға болатын негізгі аспектілерді анықтау бойынша алдын ала жұмыстар жүргізіп жатырмыз», дейді ол.

Еске салсақ, өткен жылдың басында ҚҚДИ 2035 жылғы жас қазақстандықтың бейнесі, инклюзивті дүниетаным мен инклюзивті қоғамды қалыптастыру, сон­дай-ақ «Қазақстан халықаралық аренада» бағыты бойынша форсайт-сессияларын өткізді. Бұл сессиялар Rapid Foresight әдістемесі негізінде жүргізілді.

 

Дайындаған

Жолдыбай БАЗАР,

«Egemen Qazaqstan»

Соңғы жаңалықтар