Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Павлодар қаласының әкімі Асайн Байханов пен Новосібір қаласының мэрі Анатолий Локот өзара сыйластық пен сенім қағидаты бойынша өкілдік, мекеме, кәсіпорындар мен ұйымдар арасындағы тікелей байланысты кеңейтуге келісті.
«Біздің аймақтар көрші ғана емес, өзара даму жолы мен урбанизация тұрғысынан да өзара байланысты. Келісімге сәйкес тату көршілік қарым-қатынасымызды нығайтып қана қоймай, аймақтарды дамыту жолын кеңейте аламыз. Оның ішінде инвестор тарту үшін өзара тиімді жағдай жасау, бизнесті дамыту, азаматтарымыздың өмір сүруіне жайлылықты арттыру да бар», деді Асайын Байханов.
⠀
Новосібір төртінші бауырлас қалаға айналды. Бұған дейін осындай келісімдер Омбы, Быдгощ (Польша) және Кайсери (Түркия) қалаларымен жасалған болатын.