Әлем • 13 Тамыз, 2021

Үндістанда зымыран ұшыру сәтсіз аяқталды

387 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үндістанда ғарышқа ұшпақ болған зымыран көкке көтеріле алмады, деп жазады Egemen.kz Хабар 24-ке сілтеме жасап. 

Үндістанда зымыран ұшыру сәтсіз аяқталды

Күтпеген жағдаяттың басты себебі зымыран-тасығыштың үшінші басқышы іске қосылмай қалған.

Елдің Ғарыштық зерттеулер ұйымы бұл сәтсіздікті «техникалық ақаудан болды» деп түсіндірді. Тасымалдағышта жердегі табиғи апаттар жауын-шашын бағыты және басқа құбылыстарды ғарыштан бақылауға арналған салмағы 2 тонналық жерсерігі болған.

«Бастапқы 2 басқыш іске қосылғанымен, үшіншісі әрекетсіз қалды. Бұл ең маңызды бөлік болатын. Себебі ауыр жерсерігін көтеруге мүмкіндік беретін қозғалтқыш осында орналасқан. Әрекетіміздің нәтижелі аяқталатынына үмітіміз зор болатын», деді астрофизика институтының профессоры Ар Си Капур.

Соңғы жаңалықтар

Тазалыққа жұмылған жұрт

Аймақтар • Бүгін, 22:30

Сан қырлы қаламгер

Қоғам • Бүгін, 22:20

Жанған хаттан жазу оқыған

Таным • Бүгін, 22:00

«Мона Лиза» көшіріле ме?

Мәдениет • Бүгін, 21:45