Коронавирус • 13 Тамыз, 2021

Ақтөбе облысында індетке шалдыққандар саны рекордтық көрсеткішке жетті

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысында коронавирусқа шалдыққандар саны күрт өсті, деп жазады Egemen.kz Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Ақтөбе облысында індетке шалдыққандар саны рекордтық көрсеткішке жетті

Тек өткен тәулікте коронавирусқа қатысты 416 жағдай тіркелді. Бұл биылғы ең жоғары рекордтық көрсеткіш. Мұның себебін мамандар Дельта штамының тез тарауымен байланыстырады.

Тұрғындар да қауіпсіздік ережелерін елемей, вирустың күш алуына әсер еткен. Бүгінде өңірдің инфекциялық ауруханаларында мыңнан астам адам, ал жансақтау бөлімшелерінде 105 науқас жатыр. Сонымен қатар індеттің ілмегіне іліккен 463 бала мен 134 жүкті әйелдің денсаулығы дәрігерлердің жіті бақылауына алынған. 

«Инфекциялық кереуеттердің жүктемесі қазіргі таңда облыс бойынша 55 пайызды құрап отыр. Реанимациялық кереуеттер жүктемесі – 49,5 пайыз. 1 тамыздан бастап 63 өлім жағдайы тіркелген болатын. Оның ішінде, коронавирус инфекциясынан 51 науқас және де ковидтік пневмониядан 12 науқас көз жұмды», дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров.

Еске салайық, «Қызыл аймақтағы» өңірлерде көпшілікке арналған іс-шаралар өткізуге рұқсат жоқ.