Президент Көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешевтің төрағалығымен Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру – қылмыстық процестің үш буынды моделіне көшу және полицияның сервистік моделін енгізу жөніндегі жұмыс кеңесі өтті, деп жазады Egemen.kz.

Кеңес барысында Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында қойылған құқық қорғау саласындағы міндеттердің іске асырылу барысымен танысты. Ол қылмыстық процесті жаңғырту жөніндегі пилоттық жобаның бүкіл елді қамтығанын атап өтті. Бұл сондай-ақ қылмыстық іс жүргізу заңнамасына тиісті түзетулермен бекітілген.
Осы орайда бұл жұмыстың жергілікті жерлерде қаншалықты дұрыс ұйымдастырылғанын түсіну маңызды. Алматыда қылмыстық процестің үш буынды моделін енгізу қалай өтіп жатқаны туралы қала прокурорының міндетін атқарушы Назарбай Ибраймолдаев айтып берді.
«2021 жылы Алматы полициясы қылмыстық істер бойынша 30 225 процессуалдық шешім қабылдады, оның 24 708-і прокурормен келісіліп, бекітілді. Яғни, «прокурор сүзгісі» азаматтардың құқық бұзу санын 38%-ға азайтуға мүмкіндік берді», деді Ибраймолдаев.
Кеңес аясында Әсет Исекешевке қылмыстық істерді жүргізудің жаңа форматы, қызметкерлердің жұмыс орнын жабдықтау және өңделетін деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету әдістері көрсетілді.
«Қазір Алматы полиция департаментінде қылмыстық істерді электронды форматта жүргізу үшін 375 жұмыс орны жабдықталған. Е-форматты қолдану полицейлердің жұмысын ашық етеді, ал деректерді қорғау бойынша пайдаланылатын технологиялар қылмыстық істе құжаттардың бұрмалануына және ауыстырылуына жол бермейді», деді Алматы ПД бастығы Қанат Таймерденов.
Электрондық формат қабылданатын шешімдерді келісу процесін жеңілдетуге және жылдамдатуға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге және тергеу сапасын жақсартуға мүмкіндік берді.
Сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Алматының жол қауіпсіздігін бақылау жүйесінің жұмысымен танысты. Жүйе Алматы ПД жедел басқару орталығына шоғырландырылған 2 мыңнан астам бейнекамерадан тұрады.
Екінші мәселені талқылауға көшкен Әсет Исекешев полицияның сервистік моделін пилоттық режимде енгізу процесі еліміздің үш өңірінде жүзеге асырылып жатқанын айтты.
Оның айтуынша, Алматы еліміздің ең ірі қаласы және мұнда жобаны іске асыруға жауапкершілікпен қарау маңызды.
«Құқық бұзушылықтың алдын алудың қазіргі заманғы жүйесін құру тәсілдері мен полицияның сервистік моделін ел Президенті жанындағы Құқық қорғау және сот жүйелерін реформалау жөніндегі комиссия мақұлдады. Сондықтан сіздер полицияның сервистік үлгісі жұмысының негізгі қағидатын, ондағы әкімдіктің, басқа да мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың рөлін түсінулеріңіз қажет. Сіздер Алматы қаласының бүкіл аумағында жинақталған тәжірибені тираждау үшін базалық аудан болатынын түсінулеріңіз қажет. Бұл ретте, қазірдің өзінде ең криминогенді аудандардағы қылмыстың нақты көрінісін қалыптастыру және бүкіл қала бойынша шаралар кешенін анықтау үшін сарапшылармен, құқық қорғау органдарының ардагерлерімен, жобалық кеңсе аясында сарапшылармен жұмысты күшейту қажет. Атап айтқанда, қажет болған жерлерде бейнекамералар қою, учаскелік пункттер санын арттыру, патрульдеуді күшейту, жарықтандыруды жақсарту», деп атап өтті Исекешев.
Ол құқықтық тәртіп деңгейін одан әрі арттыру бойынша сапалы жұмыс жүргізуді атап өтіп, бірқатар нақты тапсырма берді.
Кеңеске Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов, Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев, Президент Әкімшілігінің Қауіпсіздік және құқық тәртібі бөлімінің меңгерушісі Алексей Калайчиди және Алматы қаласының құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.
Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Кеше
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Кеше
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Кеше
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Кеше
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Кеше
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Кеше
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды
Күрес • 24 Маусым, 2022
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Оқиға • 24 Маусым, 2022
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • 24 Маусым, 2022
«IQanat» қоры ауыл оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады
Білім • 24 Маусым, 2022
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • 24 Маусым, 2022
Әлемде азық-түлік мәселесіне қатысты жағдай күрделеніп кетті - Тоқаев
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі диалогына қатысты
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • 24 Маусым, 2022
Қостанайда VII «Бұқаралық спорт Олимпиадасы» аяқталды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Өзбекстан Түркі академиясы ұйымына бақылаушы мәртебесін алды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Мәулен Әшімбаев: Реформалардың басты мақсаты – әділетті Қазақстан құру
Парламент • 24 Маусым, 2022
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Парламент • 24 Маусым, 2022
Америкада қоғамдық орында қару ұстауға рұқсат берілді
Әлем • 24 Маусым, 2022
Флоридада су астына сүңгу кезінде екі адам қайтыс болды
Әлем • 24 Маусым, 2022
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • 24 Маусым, 2022
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • 24 Маусым, 2022
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • 24 Маусым, 2022
72 жастағы қария Ұлытаудан Павлодарға дейін жаяу жүрген
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Жеті жасар қазақстандық шахматшы ФИДЕ-нің әлем чемпионы атанды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар