«Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен Иманов және Уәлиханов көшелерінің қиылысындағы жол төсемінде орташа жөндеу жұмыстарының басталғаны туралы мәлімдеді.
Осыған байланысты, 2021 жылдың 14-15 тамыз аралығында аталған жол учаскесі толығымен жабылады.
«Қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін елорда тұрғындары мен қонақтары өз қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды өтінеміз», деп жазылған ведомство хабарламасында.