Әлем • 14 Тамыз, 2021

АҚШ Ауғанстанға әскер жібереді

443 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ Ауғанстандағы жағдайға алаңдаулы. Осыған байланысты Пентагон американдық дипломаттарды эвакуациялау үшін Кабулға қосымша күш жіберілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

АҚШ Ауғанстанға әскер жібереді

Фото: REUTERS/Omar Sobhani

Пентагон өкілі Джон Кирби: «Әскердің негізгі бөлігі демалыс күнінің соңына дейін келуі керек», деді.

Кирбидің айтуынша, АҚШ елдегі қауіпсіздік жағдайына байланысты әскери шешімін реттеуге дайын.

«Егер қандай да бір бағытта өзгеріс енгізу қажет болса, біз оны жасаймыз. Бірақ бұл қауіпсіздік жағдайына тікелей байланысты болады», деді ол.

Сондай-ақ, АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мен Пентагон басшысы Ллойд Остин Ауғанстан президенті Ашраф Ғаниға АҚШ-тың ел қауіпсіздігін қолдауды жалғастыратынын айтты.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Ауғанстандағы жағдайдың нашарлағанын мәлімдеді. «Ауғанстан бақылаудан шығып бара жатыр», деді ол.

Гутерриштің айтуынша, тек өткен айда ғана қақтығыс салдарынан мыңнан астам адам қаза тауып, жараланды. 241 000 адам үйін тастап кетуге мәжбүр болды.