18 Қаңтар, 2014

Бангкок қайтадан жарылыстарға ерік берді

247 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

18 01 - Bangkok

Кеше Таиланд астанасы Бангкокта оппозиция өкілдеріне шабуыл жасалды. Нәтижесінде бір адам қаза болып, тағы 37-сі түрлі жарақат алды. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

Полиция дерегі бойынша, үкіметке қарсы ұйымдардың наразылық шеруі болып өткен Бантад Тонг көшесінде жарылыс орын алған. Куәгерлер жарылыстың наразылық шеруін басқарған оппозиция жетекшісі Сутеп Таугсубаннан 200 метр қашықтықта болғанын айтады. Оппозиция өкілі жапа шеккен жоқ. Ереуілге қатысушылардың айтуы бойынша, жарылғыш зат шеру өтіп бара жатқан көше бойындағы ғимараттан лақтырылған.

Сутеп Таугсубан болған оқиғаға Таиланд үкіметінің қатысы бар деген мәлімдеме жасады. Ал премьер-министр Йинглак Чиноват болса, бұл айыптың шындыққа ұласпайтынын айтып, аталмыш оқиғаға жауаптыларды тауып, оларды жазалау үшін қажетті шаралар атқарылатынын алға тартты.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Itar-tass.com

Фото: Itar-tass.com

Соңғы жаңалықтар