Технология • 16 Тамыз, 2021

Смартфон арқылы сауда жасау қызып тұр

320 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Мобильді төлемдер нарықтағы жаңа трендке айналып келе жатыр. Бұл қауіпсіз әрі қолайлы. Бір жыл ішінде мобильді телефон және интернет арқылы жасалған транзакциялар 2,5 есе артыпты.

Смартфон арқылы сауда жасау қызып тұр

 Биыл қаңтар-шілде аралы­ғында қолма-қол ақшасыз ­жа­­салған төлемдер 29,6 трлн тең­­­­гені құ­раған. Бұл өткен жыл­­­­дың дәл осы ке­зеңімен са­лыс­­­­тырғанда 2,4 есе көп (12,4 трлн теңге). Соң­ғы бес жылда қолма-қол ақшасыз тө­лем кө­лемі орта есеппен жы­лына 2,2 есе өсіп отырған. Бұл өз ке­зе­гінде еліміздегі осы бағыт­тың қарқынды даму жо­лына түс­кенін байқатады. Коро­на­ви­рус пандемиясы және каран­тин шек­­теулері процестің даму қар­қынын жылдамдата түсті.

Әлемдегідей Қазақстанда ­да мобильді төлемдер телеком­му­никация және қаржылық технологиялар нарығының басты трендіне айналды. Елімізде жү­зеге асырылған қолма-қол ақша­сыз төлемдердің 83 па­йызы ­интернет және мобильді теле­фон арқылы төленген. Бір жылда тран­закция сомасының 2,5 есе өсуі де – осыған дәлел. Интер­нетке қолжетімділіктің ар­туы интернет және мобильді қо­сым­ша арқылы іске асатын қыз­меттерді одан әрі танымал ете түсті. Қазір еліміздегі барлық оператордың абоненттері өз қар­жысын мобильді телефон ар­қылы басқара алады. Ұлттық статистика бюросының мәліме­ті бойынша, 2020 жылы интернетте төлем жасау кезінде пайдаланушылар­дың 21,8 пайызы мобильді төлемдерді пайда­лан­ған. Өңірлік бөлініске салар болсақ, мобильді төлем жа­сау деңгейі Ақтөбе (48,5 па­йыз), Жамбыл (32,7 пайыз) об­лыс­тарында және Шымкент қа­ла­сында (32,1 пайыз) аса жо­ғары.

Finprom мәліметінше, мо­биль­ді төлемдер үрдісінде Bee­line-ның бәсі жоғары. Биыл мау­сым айының басында мо­бильді оператор Simply мобильді нео­банкін таныстырған бола­тын. Бұл – мобильді әмиян жә­не елдегі тұңғыш Visa Plati­num. Simply мобильді цифрлы төлем картасы. Өз кезегінде бұл карта барлық оператордың або­нент­тері үшін қолжетім­ді, ең бастысы – процестерді іс­ке асыру үшін банкке бару­ды талап етпейді. Ал бұл банк бөлімшесіне жету қия­мет-қа­йым болып сана­латын елі­міздің шалғай аудан­дары­ның тұр­ғындары үшін тамаша мүм­кіндік. Яғни Simply – пайда­ланушының телефон нөмірі бе­кітілген мобильді қо­­сым­ша арқылы барлық опе­рация­ны жүзеге асыратын необанк. Бұл рет­те қосылу, жыл­дық қыз­­­мет көрсету, әмиянды ашу және картаны алу тегін бол­мақ. Ал қаржы салу – барлық пай­даланушы үшін пайызсыз. Сонымен қатар қаржыны Simply әмиянына аудару, Қазақстанда шығарылған кез келген банк картасына аударым жасау да комиссиясыз жүзеге асырылады. Simply-дың NFC технологиясымен және елімізде бар Apple Pay, Samsung Pay, Garmin Pay сияқты цифрлы әмияндармен интеграцияланғанын да айта кету керек.

Жалпы, отандық банк сек­торындағы 10 екінші деңгейлі банк және үздік ондыққа кіретін 5 банк қана Platinum деңгейіндегі картаны ұсына алады. Картаны пайдаланғаны үшін жылдық төлем жасау әрқайсысында әр­­түрлі. «Сбербанкте» ол жылына 50 мың теңгеге дейін жет­се, «Еуразиялық банк» картаны тегін пайдалануға береді. Алайда селт еткізер шарты бар: клиенттің банкте 10 млн теңге көлеміндегі депозиті болуы тиіс. Сондай-ақ барлық банкте бірдей NFC-төлем мүмкіндігі жоқ немесе шектеулі ғана. Мәселен, «Еуразиялық банк» картасында Garmin Pay жоқ. Ал Simply пайда болғалы оны 322 мың рет жүктеп алған. Бұл осы өнімге деген сұраныстың бар екенін аңғартады. Бұл сөзімізге оның Google Play алаңқайындағы «қаржы» категориясында бар­лық банктің мобильді қосым­шаларын артқа тастағаны да анық дәлел. Екінші орында Kaspi.kz қосымшасы орналасса, үштікті Halyk Homebank қо­сымшасы түйіндейді.

2021 жылдың шілде айын­дағы жағдай бойынша елде интернетке қолжетімділігі бар 16 млн ұялы байланыс абоненті тіркелген. Олардың саны бір жыл­да 6,9 пайызға өскен.