Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Токио Олимпиадасына қатысқан қызылордалық спортшылар Қамшыбек Қоңқабаев, Дәулет Ниязбеков және Мөлдір Жаңбырбаймен кездесті.

Аймақ басшысы Сыр жұртшылығы атынан өңір тарихында алғаш рет бокстан олимпия ойындарының қола жүлдесін алған Қамшыбек Қоңқабаевты құттықтап, Дәулет Ниязбеков пен Мөлдір Жаңбырбайға ел намысын аянбай қорғағандары үшін алғысын айтты.
– Екі апта бойы облыс халқы аламанға үкілеп шығарып салған үміттерінің тілеуін тілеп, жанкүйер болды. Алыс сапарға, жауапты жарысқа аттанған ұл-қыздарымыз сенімді ақтады. Ал Қамшыбектің алтынға бергісіз қола жүлдесі талай балдырғанның қиялына қанат бітіріп, Сыр халқының көптен күткен арманын жүзеге асырды.
Ел Президентінен Мемлекеттік Туды алып, әлем мықтылары бас қосқан сайыста ұстап шығу қашанда үлкен мәртебе, зор сенім. Бұл міндетті жерлесіміз Қамшыбек Қоңқабаев абыроймен ақтап, байрағымызды Олимпиада төрінде желбіретті, – деді облыс әкімі.
Биыл аймақ спортшылары көптеген жарыстардан олжамен оралды. Жыл басынан бері жерлестеріміз ел біріншіліктерінде 700 медаль жеңіп алса, әлем, Азия чемпионаттарында 46 медальға қол жеткізді.
Кездесуде облыс әкімі ел намысын абыроймен қорғап шыққан Қамшыбек Қоңқабаевқа автокөлік кілтін табыстаса, бапкері Сейітжан Төкенов, Олимпиада ойындарының қатысушылары Дәулет Ниязбеков пен Мөлдір Жаңбырбай 1 млн теңгенің сертификатын иеленді.
Елдің рухы мен мәртебесін көтерген спортшыларға «Dalatex» ЖШС басшысы Ділмұхамед Абизов, «Нұрлен» ЖШС жетекшісі Қайрат Боранбаев, «Мелиоратор» серіктестігінің директоры Бердібек Мыханов пен «Стандарт Ойл КЗО» компаниясын басқаратын Әділ Бижанов секілді меценат азаматтар демеушілік жасап, қолдау көрсетті.
Шарада Спорт күні кәсіби мерекесіне орай №4 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің жаттықтырушысы Владимир Лептиков пен Қ.Мұңайтпасұлы атындағы спорт клубтың директоры Жамал Бозоваға Мәдениет және спорт министрлігінің төсбелгісі мен Құрмет грамотасы табысталды.
Олимпиаданың қола жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев пен жеке бапкері Сейітжан Төкенов спортшыларға көрсетілген қолдауға ризашылығын білдіріп, алда да жерлестер сенімін ақтауға күш салатынын айтты.
Сондай-ақ жиында ауыр атлетикадан 4 дүркін әлем чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Илья Ильин Қамшыбекті жеңісімен құттықтап, Мөлдір мен Дәулетке алдағы сайыстарда сәттілік тіледі және әріптестеріне кәсіби мерекелеріне орай тілегін арнады.
Қызылорда
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Кеше
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Кеше
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Кеше
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Кеше
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Кеше
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Кеше
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды
Күрес • 24 Маусым, 2022
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Оқиға • 24 Маусым, 2022
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • 24 Маусым, 2022
«IQanat» қоры ауыл оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады
Білім • 24 Маусым, 2022
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • 24 Маусым, 2022
Әлемде азық-түлік мәселесіне қатысты жағдай күрделеніп кетті - Тоқаев
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі диалогына қатысты
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • 24 Маусым, 2022
Қостанайда VII «Бұқаралық спорт Олимпиадасы» аяқталды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Өзбекстан Түркі академиясы ұйымына бақылаушы мәртебесін алды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Мәулен Әшімбаев: Реформалардың басты мақсаты – әділетті Қазақстан құру
Парламент • 24 Маусым, 2022
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Парламент • 24 Маусым, 2022
Америкада қоғамдық орында қару ұстауға рұқсат берілді
Әлем • 24 Маусым, 2022
Флоридада су астына сүңгу кезінде екі адам қайтыс болды
Әлем • 24 Маусым, 2022
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • 24 Маусым, 2022
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • 24 Маусым, 2022
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • 24 Маусым, 2022
72 жастағы қария Ұлытаудан Павлодарға дейін жаяу жүрген
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Жеті жасар қазақстандық шахматшы ФИДЕ-нің әлем чемпионы атанды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар