Аймақтар • 16 Тамыз, 2021

Зайсанда сапар орталығы салынады

570 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында «Шілікті» сапар орталығы салынады. Бұл туралы жуықта «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Нұрболат Ахметжанов пен Зайсан ауданының әкімі С.Зай­нулдин ортақ шешімге келді, деп хабарлады мекеменің бас­пасөз қызметі.

Зайсанда сапар орталығы салынады

Өйткені «Берел» мемлекеттік тари­хи-мәдени қорық-музейіне қарасты Шілікті қорғандарын көруге келушілер саны уақыт өткен сайын арта түсуде. Сондықтан алдағы уақытта нысанның мәдени құндылығы және мұндағы арте­фактілердің ұлт тарихындағы маңызы жайлы туристерге кеңінен насихаттау ісін қолға алған дұрыс.

«Зайсан өңірінде 6 тарихи, 21 мәде­ни-архитектуралық, 8 археологиялық ес­керткіш тіркелген. Өлкедегі тарихи ес­­керт­кіштердің бірегейі – Ші­лік­ті қорғандары. Мұнда барлығы 51 оба бар. Бұлар б.з.б. VІІ-VІ ғасырға тән. Сон­дай-ақ бұл өлкеде сақтардың ал­ғаш­қы мемлекетінің ордасы тігілген. Са­пар ор­талығында заманауи үлгіде жаб­дық­тал­ған музей залы, қонақүй ғимараты және ақпараттық-насихаттық орталық сын­ды бірқатар бөлім қарастырылған», дейді «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қо­рық-музейінің директоры Нұрболат Ахметжанов.