Жол-көлік оқиғасы Алматы-Екатеринбург автожолында орын алды. Алдын ала болжам бойынша, Hyundai Elantra көлігі жол бойында қозғалған жүк көлігіне соғылды. Соқтығысу салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі жарақат алып, көз жұмды.
Екі көлікті де 28 жастағы жүргізушілер тізгіндеген.
«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іс бойынша барлық қажетті сараптамалар тағайындалды», деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.