Жалған бақылаушы топтар туралы ақпарат әлеуметтік желілерде жиі шыға бастады.
«Мен тағы бір рет еске салғым келеді, барлық рейд бақылау тобының құрамын және жоспарланған объектіні көрсете отырып, infokazakhstan.kz сайтында тіркелуі тиіс. Кәсіпкер тексерудің заңдылығын өз бетімен тексере алады. Ол үшін актіде көрсетілген QR-кодты сканерлеу қажет», деді Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Роберт Юсупов.
Естеріңізге сала кетейік, аталған талаптар мониторингтік топ алгоритмінде 1 шілдеде пайда болды.
«Енді жоспарланған тексерулер мен олардың нәтижесі туралы ақпаратты infokazakhstan.kz платформасы арқылы бақылауға болады. Олардың негізінде статистика мен анықталған бұзушылықтар күн сайын өңірлер бойынша құрылады.
Бұдан басқа, инспекторлардың әрекеттері туралы Қостанай облысы кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топқа телефон арқылы хабарласа аласыз: 8-705-153-91-07, 8-777-580-03-99 , 8-7142-394-208, + 7 (7142) 54 29 53, +7 (775) 829 95 79, + 7 (775) 265 55 51», деп жазады ведомство.