Тағайындау • 16 Тамыз, 2021

Алматыда қалалық басқармаға жаңа басшы тағайындалды

442 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматының энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасын Евгений Пак басқаратын болады, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Алматыда қалалық басқармаға жаңа басшы тағайындалды

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен қаланың энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы лауазымына Евгений Пак тағайындалды.

Евгений Пак 1986 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Бірнеше жоғары білімі бар. Еңбек жолын энергетика саласында «KEGOK» АҚ энергия нарығының автоматтандырылған жүйелер қызметінің аға маманы болып бастады.

Әр жылдары «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ компаниялар тобында басшылық қызметтер атқарды. 2020 жылы Алматы қаласы энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

2020 жылдың қазан айынан бастап бүгінгі күнге дейін «Алматыжылукоммунэнерго» ЖШС Бас директоры болған.