Білім • 16 Тамыз, 2021

Қазақстандық оқушы халықаралық олимпиададан алтын медаль алды

624 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

Ақтөбедегі NIS мектебінің түлегі Рүстам Валеев Түркияда өткен халықаралық Олимпиаданың алтын медалін жеңіп алды  деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық оқушы халықаралық олимпиададан алтын медаль алды

Онлайн режимде өткен зияткерлік сайысына дүние жүзінің46 мемлекетінен білім бәсекесіне түскен 200 жас географ  мультимедиалық тестілеу және  картографиялық  бейнелеу тапсырмаларын орындаған болатын. Оған қазақстандық 4 оқушы қатысты. Нәтижесінде  еліміздің Ұлттық  құрама командасы 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль иеленді. Алтын медальға қол жеткізген Рүстам Валеев «IGEO –2021» білім бәсекесінің жеңімпазы атанды.

  Халықаралық географиялық одақ (IGO) жетекшілігімен өткізіліп келе жатқан мектеп оқушыларының арасындағы халықаралық Олимпиада тұңғыш рет 1996 жылы Гаага қаласынан бастау алды. Содан бері  жас білімпаздардың  арасындағы білім сайысы жыл сайын әлемнің әр түрлі мемлекетінде өткізіліп келеді.  Кішкентайынан география пәніне ерекше қызығушылық танытып келе жатқан Рүстам халықаралық білім бәйгесіне қатысудан біршама тәжірибе жинап, өткен жылдары республикалық пәндік Олимпиаданың үш дүркін жеңімпазы атанды. 2019 жылы IESO Халықаралық олимпиадасының қола медаліне қол жеткізсе, биылғы жылдың маусымында мектеп оқушылары арасында өткен  Еуропалық олимпиаданың күміс жүлдесін де  иеленді.

Ақтөбе қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің биылғы жылғы түлегі  Рүстам Валеев елдің даңқын шығарған жетістікке жеткені үшін ұстаздары мен ата-анасына алғысы шексіз. Ол халықаралық сайыстарда жинаған тәжірибесін өз мектебінің оқушыларымен қуана бөлісуге әзір.  Алдағы уақытта еліміздің білім саласынданағыз үздік оқушылардың көбеюіне ықпал еткісі келеді.