1980 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясы Тарих, археология және этнография институтының Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы атақты археолог К.Байпақовтың жетекшілігімен Құйрық төбе қалашы-
ғындағы (Отырардан батысқа қарай
6 км жерде орналасқан) қазба жұмыстары кезінде бетінде өрнектер бейнеленген ағаш тақтайлар анықталған. Отырар алқабында қазылған Құйрық төбе сарайы Тарбанд-Отырар иелігінде отырған түркі билеушілерінің ордасы болып табылады.
Құйрық төбе қалашығы аумағында төрт зәулім ғибадатхана мен тұрғын жай орындары ашылған. Сарайдағы қазба жұмыстары барысында орталық салтанат бөлмесінен табылған ағаш тақтайларда діни және зайырлы өмір сахналарының бейнелері ойылып салынған.
ІХ-ХІ ғғ. Фараб өңірінің астанасы болған Құйрық төбе қаласында жүргі-
зілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде сарай кешенінің орны ашылған. Тұтас композиция бейнеленген Салтанат бөлмесінің қабырғасын көрініспен безендірілуі ерекше. Ғалымдардың пікірінше, тақтайшалардағы бейнелер түркі тайпаларының белгілі ақсүйек өкілдері болған.