19 Қаңтар, 2014

Түркияда халық тағы да ереуілге шықты

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

19 01 - Turkiya

Бүгін Түркияның бірқатар қалаларында тағы да ереуіл басталды. Бұл туралы Ras.kz хабарлады.

Жұртшылықтың бірқатар бөлігі бейсенбі күні ел парламенті қолдаған ғаламторға шектеу енгізу туралы заң жобасына қарсылық білдіріп жатыр. Мұндай ереуілдер Анкара, Анталья, Бурса, Карабюк, Мерсина, Самсун, Эскишехирспор қалаларында орын алды.

Стамбул қаласында полиция мен қауіпсіздік күштері халыққа тіпті күш көрсетіп, жиналғандарды тарқатуға кірісті. Қаладағы жағдай шиеленісе түскен. Сақшылар жиналған халыққа су шашып, қозғалыстарын шектеу үшін арнайы шеп құрып отыр. Айта кетейік, бұл заң жобасы бойынша мемлекет желідегі қауіпті деп таныған сөздер мен сайттарды жауып тастап, тұрғындарды толық бақылай алады. Сарапшылардың пікірінше, мұндай шешім демократияға қайшы. «Ол азаматтардың құқығын шектеп, жеке өміріне қол сұғу деп бағаланады»,ыв – дейді мамандар.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Ras.kz

Фото: Reuters.com

Соңғы жаңалықтар