Ұйым басшысы Тедрос Аданом Гебрейесустың айтуынша, қазір бұл қаражатты таппаса және дельта штамының таралуын экономикасы әлсіз елдерде тоқтатпаса, әлемдік қауымдастық келесі жылы шарасыз «қаржы бөлуге» мәжбүр болады деген пікірді ұстанады.
Соманың бір бөлігі, нақтыласақ, 2,4 миллиард доллар - халқының табысы төмен және орташа елдерде вирусты анықтап, тестілеуді жақсартуға жұмсалмақ. Медицина қызметкерлерін қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету үшін 1,7 миллиард қажет, коронавирустың ауыр түрлерін емдеу үшін ауруханаларды оттегімен қамтамасыз етуге тағы 1,2 миллиард жұмсалады.
ДДСҰ басшысы әлем пандемияның өткір кезеңінде екенін атап өтті. Жаңа штамдардан қауіп жоғары. Қазіргі уақытта әлемде «альфа», «бета», «гамма» және «дельта» штамдары басым, бірақ басқа да қауіпті мутациялардың пайда болуы мүмкін. Ұйымның болжамы бойынша, вирустың таралу қарқыны қазіргідей болса, 2022 жылдың қаңтарында SARS-CoV-2 жұқтырғандардың саны 300 миллионнан асуы мүмкін.