«Қазіргі уақытта азаматтық қорғаныс басқармасы 1 419 адамның қазасын тіркеді: 1 133 - Оңтүстік, 162 - Гранд-Анс, 122 - Ниппп және екеуі Солтүстік-Батыс департаменттерінде. Сондай-ақ бізде 6,9 мыңнан астам жарақат алғандар туралы ақпарат бар», деді ведомство өкілі.
Биліктің мәліметінше, аймақтағы 37 мыңнан астам ғимарат толығымен немесе ішінара қираған, қазіргі уақытта құтқарушылар адамдарды іздеуді жалғастыруда.
Сенбі күні таңертең Гаити аймағында 7,2 баллдық жер сілкінісі болды. Эпицентр шамамен 125 мың халқы бар Ле-Ке коммунасынан 40 км қашықтықта орналасқан. Сілкіну ошағы 10 км тереңдікте болған. Үкімет бір айға төтенше жағдай режимін енгізді.