TOKYO2020 • 17 Тамыз, 2021

Атыраудан тағы бір парадзюдошы Паралимпиадаға қатысатын болды

405 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысынан тағы бір парадзюдошы Паралимпиаданың жолдамасына ие болды, деп жазады Egemen.kz.

Атыраудан тағы бір парадзюдошы Паралимпиадаға қатысатын болды

Облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, 16 тамызда атыраулық парадзюдошыға Паралимпиада жолдамасы берілген.

«Токиода өтетін Паралимпиада лицензиясын тағы бір атыраулық парадзюдошы Ерлан Өтепов еншіледі. 100 келі салмақта белдесетін парадзюдошы – халықаралық сайыстардың жүлдегері. Осылайша, Атыраудан Паралимпиада ойындарына алты дзюдошы жолдама алып отыр», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.