20 Қаңтар, 2014

АҚШ азаматшасы туған балаларын пышақтап өлтірді

263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

20 01 - pishak

АҚШ-тың Мэрилэнд штатына екі әйел 1 мен 2 жасар нәрестелерді пышақтап өлтірген. Олардың біреуі осы сәбилердің анасы болып шықты. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Туған балаларына пышақ салған ана бүлдіршіндерге шайтан кіргенін, сондықтан да осындай қадамға барғанын айтады. Нәрестелер «жын мен періден тазалау салты» кезінде алған көптеген пышақ жарақаттарынан қаза болған.

Полиция әйелді жасырынбақ болған кезінде ұстаған. Оның үйін тінту барысында балалардың мүрдесі мен түрлі жарақат алған 5 пен 8 жастағы жеткіншектер табылды. Қазір азап көрген балаларға медициналық көмек көрсетілуде. Қамауға алынған екі әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары бастылды.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: 24.kz

Фото: Visti.ks.ua

Соңғы жаңалықтар