Қазақстан • 17 Тамыз, 2021

Жұмысынан айырылған 77,9 мың адам әлеуметтік төлем алды

1375 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде қанша қазақстандық жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдер алатыны туралы айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жұмысынан айырылған 77,9 мың адам әлеуметтік төлем алды

2021 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша жұмысынан айырылу мерзімінде төленетін әлеуметтік төлемдер 77,9 мың адамға тағайындалды. Биыл алғаш рет мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылу бойынша төлемдер 52 мың азаматқа тағайындалғаны атап өтілді.

Жұмыстан босатылған қызметкерлер бір айдан алты айға дейінгі кезең ішінде жұмысынан айрылған кезде әлеуметтік төлемдер ала алады. Жұмысынан айрылғандарға МӘСҚ қаражаты есебінен жоғалған табыстың 40 пайызына дейінгі мөлшерде сома төленеді.

Әлеуметтік төлемдер алу үшін жұмыстан босатылған қызметкер:

  • eGov.kz порталында авторлану;
  • «жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінде «жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» қызметін таңдау;
  • барлық талаптарды толтырып, қызметке онлайн тапсырыс беру және ЭЦҚ-мен қол қою арқылы өтінімді жіберу кажет;

Бір күн ішінде өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығы бос жұмыс орындарын ұсынады. Егер жұмыс табылмаса, 3 күн ішінде қашықтықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі (қажет болған жағдайда қосымша ақпарат жинау үшін өтініш берушімен ХЖҚО қызметкері хабарласады).
Сондай-ақ қызметті enbek.kz электрондық еңбек биржасы арқылы алуға болады.

Егер адам жүйеде жұмыссыз ретінде тіркелген болса, онда оған проактивті форматта МӘСҚ-дан төлем тағайындалғанын растау үшін SMS жолданады.