Оқиға • 17 Тамыз, 2021

Ақтөбеде жол апатынан бір отбасының төрт мүшесі қаза тапты

1025 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбеде әкесі, анасы және екі ұлы жол апатынан көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбеде жол апатынан бір отбасының төрт мүшесі қаза тапты

Оқиға 16-тамыз күні сағат 19:15-те «Самара-Шымкент» автожолының Ырғыз ауданы Қалыбай кентінің жанында тіркелді. Шалқар ауданының 39 жастағы тұрғыны, «Nissan X-Trail» автокөлігінің жүргізушісі Қырғызстан Республикасының азаматының басқаруындағы «Volvo FH460» жүк көлігімен соқтығысты.

«Жол апаты салдарынан «Nissan X-Trail» автокөлігінің жүргізушісі, 40 жастағы жұбайы, 11 жастағы ұлы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмып, 5 жасар ұлы мен 10 жасар қызы Ырғыз ауданының орталық ауруханасына жатқызылды. Онда 5 жасар ұлы көз жұмды.

ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі, яғни, «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол ережесін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», деді Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов.