Алматы қаласы бас санитарлық дәрігері күніне 1,5 мыңға жуық тұрғын коронавирус жұқтырып жатқанын мәлімдеді.
«Эпидемиялық ахуал 28 шілдеден бері ушығып тұр, 15 тамызда 22 800 жағдай, жыл басынан бері – 105,6 мың жағдай тіркелді», деді Ж. Бекшин.
Санитарлық-эпидемиологиялық мекеме басшысы соңғы аптада алдыңғысымен салыстырғанда «симптомды» науқастар үлесінің 93%-дан 94%-ға дейін өскенін атап өтті.
Ж. Бекшин Алматы тұрғындарын қауіпті инфекцияға қарсы бірігуге шақырды.
«Мен әлеуметтік қашықтықты сақтауға, маскаларды дұрыс тағуға және оларды жиі ауыстыруға, вакцина алуға шақырамын», деді мегаполистің бас санитарлық дәрігері.
Айта кетейік, Еуропа қалаларында адамдар вакциана тапшылығынан кезекке тұруға мәжбүр. Ал Алматыда екпені тіпті сауда орталығының өзінде ақысыз алуға болады. Бірақ бұл мүмкіндікті қала тұрғындарының барлығы бірдей пайдаланбай отыр. Сондықтан жұқтыру бұрынғыдай 20-39 жас аралығындағы алматылықтар арасында – 35,6%, 40-59 жастағылар арасында – 24,2% және 60 жастан асқандар арасында – 23%, барлық жағдайлардың 83%-ын құрайды.
Ж. Бекшин 60 жастан асқандардың жұқтыруы 1,5%-ға көбейгенін және олардың ауыр халде жеткізілетіні мен 1 жасқа дейінгі сәбилердің де дерт жұқтыратыны алаңдататынын айтты.