Аймақтар • 17 Тамыз, 2021

Алматыда эпидемиялық ахуал ушығып тұр – Ж.Бекшин

29 рет көрсетілді

Алматыда коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиялық ахуал күрделеніп келеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Алматы қаласы бас санитарлық дәрігері күніне 1,5 мыңға жуық тұрғын коронавирус жұқтырып жатқанын мәлімдеді.

«Эпидемиялық ахуал 28 шілдеден бері ушығып тұр, 15 тамызда 22 800 жағдай, жыл басынан бері – 105,6 мың жағдай тіркелді», деді Ж. Бекшин.

Санитарлық-эпидемиологиялық мекеме басшысы соңғы аптада алдыңғысымен салыстырғанда «симптомды» науқастар үлесінің 93%-дан 94%-ға дейін өскенін атап өтті.

Ж. Бекшин Алматы тұрғындарын қауіпті инфекцияға қарсы бірігуге шақырды.

«Мен әлеуметтік қашықтықты сақтауға, маскаларды дұрыс тағуға және оларды жиі ауыстыруға, вакцина алуға шақырамын», деді мегаполистің бас санитарлық дәрігері.

Айта кетейік, Еуропа қалаларында адамдар вакциана тапшылығынан кезекке тұруға мәжбүр. Ал Алматыда екпені тіпті сауда орталығының өзінде ақысыз алуға болады. Бірақ бұл мүмкіндікті қала тұрғындарының барлығы бірдей пайдаланбай отыр. Сондықтан жұқтыру бұрынғыдай 20-39 жас аралығындағы алматылықтар арасында – 35,6%, 40-59 жастағылар арасында – 24,2% және 60 жастан асқандар арасында – 23%, барлық жағдайлардың 83%-ын құрайды. 

Ж. Бекшин  60 жастан асқандардың жұқтыруы 1,5%-ға көбейгенін және олардың ауыр халде жеткізілетіні мен 1 жасқа дейінгі сәбилердің де дерт жұқтыратыны алаңдататынын айтты.

Соңғы жаңалықтар

Асыл ағаның шарапаты

Руханият • Кеше

Құймақұлақ

Руханият • 26 Қазан, 2021

Қоғамның бітеу жарасы

Қоғам • 26 Қазан, 2021

Газ бағасы неге қымбат?

Аймақтар • 26 Қазан, 2021

Франция тізгіні үшін тайталас

Саясат • 26 Қазан, 2021

Ербосынұлын ауыр сынақ күтіп тұр

Кәсіпқой бокс • 26 Қазан, 2021

Ұқсас жаңалықтар