Коронавирус • 17 Тамыз, 2021

Vero Cell вакцинасы қарағандылықтар үшін де қолжетімді

120 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысына қытайлық Vero Cell екі компонентті вакцинасының 40 мың дозасы келіп түсті. Бұл көлем 20 мың тұрғынды иммундау үшін жеткілікті. Вакцина бүкіл өңір бойынша таратылатын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Vero Cell вакцинасы қарағандылықтар үшін де қолжетімді

Sinopharm компаниясының Vero Cell вакцинасы белсенді емес болып есептеледі. Оны өндіру үшін вакциналарды жасаудың стандартты технологиясы қолданылады, онда ауруды тудыруы мүмкін вирустың патогендік бөлігі өлтіріледі, сонымен бірге оның денеде қорғаныс антиденелерінің пайда болуын тудыратын қабілеті сақталады.

Ол ең алдымен қауіп тобындағы адамдарды иммундауға жарамды. Вакцина 18 жастан асқан адамдарға салынады.

«Vero Cell препаратының бір дозасы - 0,5 миллилитр. Вакцинаның екі дозасын 3-4 апта аралықпен (21-28 күн) салдыру ұсынылады. Аралық нәтижелер Сovid-19-ға қарсы 79,3 пайыздық тиімділікті мен аурудың орташа және ауыр жағдайларын болдырмауда 100 пайыздық тиімділікті көрсетеді», деп атап өтті Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Vero Cell-ді ДДСҰ мақұлдаған.