20 Қаңтар, 2014

Иран мен «Алтылықтың» ядролық бағдарлама жөніндегі келісімі күшіне енеді

360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

20 01 - Altylik

Бүгін, 20 қаңтарда Иран мен «Алтылықтың» Тегеран ядролық бағдарламасына қатысты жасасқан уақытша келісімі күшіне енеді. Бұл туралы Azattyq.org хабарлады.

Аталмыш келісім өткен жылдың қараша айында Женевада жасалған еді. Оның қашан іске асатыны 13 қаңтарда мәлім болған. 
Келісім бойынша, Иран уранды байыту бағдарламасын азайтуға, ал халықаралық қауымдастық Тегеранға салынған санкцияларды жұмсартуға міндеттеме алған болатын. 
19 қаңтарда Иранның ядролық бағдарламалар департаментінің өкілі уран байытуды шектеу, байытылған уран қорын азайту жұмыстарын «ең маңызды міндеттердің бірі» деп атаған еді.
Келісім бойынша, қазіргі таңда Тегеранға барған халықаралық сарапшылар ядролық нысандарды аралауға рұқсат күтіп жатыр.
Уақытша келісім алты айдан соң аяқталады. Бұл алты ай ішінде Иран мен алты ел бұдан да ірі келісім жасасу мақсатында келіссөздерді қайта жалғастырмақ.
АҚШ және бірқатар батыс елдері бұған дейін Иранды ядролық қару жасауға ұмтылып жатыр деп қауіптенген. Иранға уран байытудан бас тартқызу үшін бірқатар санкциялар да салынған еді. Алайда, Иран бара-бара ядролық қару жасауға ниеті жоқ екенін байқатып келеді.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Azattyq.org

Фото: Reuters.com

Соңғы жаңалықтар