Спорт • 17 Тамыз, 2021

Қайрат Ералиев өзбек боксшысына қарсы жекпе-жек өткізеді

275 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық боксшы, 2017 жылғы әлем чемпионы Қайрат Ералиев кәсіби рингте өзінің дебюттік жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Қайрат Ералиев өзбек боксшысына қарсы жекпе-жек өткізеді

BoxRec.com ақпараты бойынша жекпе-жек 22 тамызда Серік Сәпиев атындағы Қарағанды бокс орталығында бокс кеші аясында өткізіледі.

Қайраттың қарсыласы Өзбекстан өкілі Бахыт Абдурахимов болмақ. Екінші жеңіл салмақтағы кездесу төрт раундқа есептелген.

Айта кетсек, ӘЧ-2017 «алтыннан» басқа Ералиевтің қызметтік тізімінде 2013 жылғы әлем чемпионатының, 2015 және 2017 жылғы Азия чемпионаттарының, сондай-ақ 2014 жылғы Азия ойындарының қола медальдары бар.