Жексенбі күні Қазақстанға ресми сапармен Катар мемлекетінің Әмірі шейх Тамим бен Хамад әл-Тани келді. Бұл – Әмірдің Катар тағына отырған уақыттан бергі шетелге алғашқы сапарларының бірі. Себебі, дәстүрлі монархия орнаған мемлекеттің шейхы бұл таққа 2013 жылдың 25 маусымында ғана мұрагерлік жолмен келген болатын.
Жексенбі күні Қазақстанға ресми сапармен Катар мемлекетінің Әмірі шейх Тамим бен Хамад әл-Тани келді. Бұл – Әмірдің Катар тағына отырған уақыттан бергі шетелге алғашқы сапарларының бірі. Себебі, дәстүрлі монархия орнаған мемлекеттің шейхы бұл таққа 2013 жылдың 25 маусымында ғана мұрагерлік жолмен келген болатын.
Катар – Парсы шығанағындағы 2 млн.-ға жуық халқы бар, әлемдегі ішкі жалпы өнім мөлшері жағынан қарқынды дамып келе жатқан мемлекеттердің бірі. Сұйытылған газдың ірі тасымалдаушысы саналатын бұл ел табиғи газ қоры жөнінен дүниежүзі бойынша үшінші орынға тұрақтаған. Бұл мұсылман мемлекетінде мұнай қоры да орасан. Оның мұнай мен мұнай өнімдерін экспорттаушы елдердің көш басында тұруы – осының айғағы.
Қазақстан мен Катардың экономикалық құрылымында ұқсас тұстар болғандықтан, екі ел арасындағы дипломатиялық байланыстар әр бағытта жақсы жолға қойылған. Мәселен, екіжақты ынтымақтастықтың маңызды тетігінің бірі ретінде жоғары деңгейдегі Қазақстан – Катар бірлескен үкіметаралық комиссиясын атауға болады. Бүгінгі күнге дейін бұл комиссияның 3 отырысы ұйымдастырылса, соның біреуі Дохада, екеуі Астанада өткен екен. Қазақстан Катардың Орталық банк секторымен де айтарлықтай уағдаластықтарға қол жеткізген. Қос мемлекет мұнай және газ, ауыл шаруашылығы, көлік, құқық қорғау салалары бойынша өзара ықпалдастыққа ынта танытып келеді. Қазақстан ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу үшін Катардан инвестиция тарту мәселесін де жолға қойған. 2013 жылдың қараша айында Дохада «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Т.Ермегияевтің «Qatari Diar» компаниясының басшысымен кездесуінен де осыны айқын аңғаруға болады. Екі ел мәдени-гуманитарлық салалар бойынша да өзара әріптестік байланыс орнатып үлгерген.
Ақордада өткен екіжақты кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев пен шейх Тамим бен Хамад әл-Тани Қазақстан мен Катар арасындағы ықпалдастықтың даму қарқынын одан әрі ілгерілететін бірқатар салалар жөнінде әңгіме қозғай отырып, екіжақты ынтымақтастықтың, атап айтқанда, инвестициялық және сауда-экономикалық салалардың негізгі бағыттарын талқы таразысына салды. Сондай-ақ, екі елдің өзара ықпалдастығын бірлескен жобаларды іске асыру арқылы жандандыруға болатынын атап өтті.
Қазақстан Президенті Катар Әмірінің елімізге жасаған сапары оның Катар тағына отырған кезден бергі шетелге алғашқы сапарларының бірі болып табылатынына тоқталды. «Сізді Катар Әмірі жауапты лауазымын иеленуіңізбен құттықтаймын, денсаулық және қызметте табыстар тілеймін. Сіздің әкеңіз Хамад бен Халиф әл-Танимен бірнеше рет кездескенбіз. Ол бірнеше рет Қазақстанға келген болатын. Сондай-ақ, мен де Катарда сапармен болдым. Біз, әсіресе, экономикалық өзара іс-қимыл саласында тиімді қарым-қатынастар орнатуға мүдделіміз. Қазақстан мен Катардың экономикалық құрылымында бірқатар ұқсастықтар бар. Бүгінде Катар мұнай мен газ көлемі жағынан өңірдегі және әлемдегі жетекші мемлекеттердің біріне айналды. Қазақстанның жер қойнауында да байлық мол. Сондықтан бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік жеткілікті. Бұл бағытта екі ел ведомстволары көп жұмыс жасады, қол қою үшін бірқатар құжаттар дайындалды. Олар, атап айтқанда, Қосарланған салық салуды болдырмау туралы конвенция және екі елдің қорлары арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандум», – деді Мемлекет басшысы.
Катар Әмірі кездесу мен қонақжайлылық үшін алғысын айтты және өзінің әкесі Хамад бен Халиф әл-Танидің сәлемін жеткізді.
Шағын құрамдағы кездесуден кейін тараптар кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізіп, бұл келіссөз барысында Нұрсұлтан Назарбаев Тамим бен Хамад әл-Танидің Қазақстанға тұңғыш сапары екіжақты қарым-қатынастарды жаңа сапалы деңгейге көтеретініне сенім білдірді. «Қазақстан тәуелсіздігін алғалы бері небары 22 жыл өтті. Біздің 2,3 млрд. долларға да жетпейтін экономикамыз бар еді. Бүгінде экономикамызды ілгерілете отырып, оны 230 млрд. доллар деңгейіне жеткіздік. Қазірдің өзінде, дағдарысқа қарамастан, ішкі жалпы өнім 6 пайызға өсіп, еліміздің экономикасы қарқынды түрде дамып келеді. Бұл сапар екі елдің арасындағы қарым-қатынасты жаңа деңгейге жеткізеді деп сенеміз», – деді Қазақстан Президенті.
Өз кезегінде Катар Әмірі бұл кездесу екі елдің өзара ықпалдастығын одан әрі дамытуға септігін тигізетінін атап өтті. «Бізге көрсеткен қонақжайлылығыңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Бүгінгі кездесу Катар мен Қазақстан арасындағы байланыстарды одан әрі нығайтуға жол ашады деп сенемін», деді ол бұл ретте. Сондай-ақ, Катар Әмірі мұндай келіссөздер тараптардың екіжақты қарым-қатынастар мәселелерін, өңірдегі ахуалды қарастыруға мүмкіндік бергеніне тоқталды.
Кеңейтілген құрамдағы келіссөзден кейін Қазақстан Үкіметі мен Катар Үкіметі арасындағы Қосарланған салық салуды болдырмау және табысқа салынатын салықтан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға және «Тау-Кен Самұрық» ҰК» АҚ пен «Qatar Mining Company QSC» арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Бұл күні тараптар, сондай-ақ, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ пен Катар инвестициялық қоры арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумды бекітті.
Қазақстан Президенті мен Катар Әмірі келіссөздерден кейін жоғары деңгейдегі мұндай кездесулер мен бүгінгі күнге дейінгі қол жеткізілген уағдаластықтар табыстарды еселеуге мүмкіндік беріп қана қоймай, екіжақты ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындауға жол ашатынына сенім білдірді.
Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
-----------------------------------------
Суреттерді түсіргендер
С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
Әлемде коронавирустан 6,2 млн адам қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 17:10
Референдум мемлекеттің жаңа мақсаттарын жүзеге асырады - Ерлан Қошанов
Парламент • Бүгін, 16:57
Әлем • Бүгін, 16:37
Конференция лигасының жеңімпазы анықталды
Спорт • Бүгін, 16:32
Қаржы • Бүгін, 16:25
Қазақстан бірнеше елмен сауда көлемін арттырды
Қоғам • Бүгін, 16:13
Жануарлардың күтімін бақылайтын инспекторлар пайда болады
Қоғам • Бүгін, 15:58
Ералы Тоғжанов кімдердің жалақысы артатынын айтты
Қоғам • Бүгін, 15:52
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артып келеді
Қазақстан • Бүгін, 15:40
Қазақстанда ұн бағасы 23 пайызға қымбаттады
Қоғам • Бүгін, 15:27
Қазақстан ЕАЭО елдеріне қандай тауар түрлерін экспорттайды
Қоғам • Бүгін, 15:19
Бивол Джошуа Буатсимен күш сынасуы мүмкін
Спорт • Бүгін, 15:10
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді
Президент • Бүгін, 14:59
Алматыда пара алған емхана меңгерушісіне сот үкімі шықты
Қоғам • Бүгін, 14:47
Мәулен Әшімбаев халықтың табысын арттырудың жаңа тәсілдері туралы айтты
Парламент • Бүгін, 14:40
Бельгияда маймыл шешегінің 6 дерегі тіркелді
Әлем • Бүгін, 14:35
Референдум: Қазақстандықтар Ресейдің 5 қаласында дауыс бере алады
Әлем • Бүгін, 14:22
Жамбылда қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтар табылды
Аймақтар • Бүгін, 14:12
Мемлекет басшысының Қырғызстанға сапары барысында 10 құжатқа қол қойылды
Президент • Бүгін, 14:03
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 13:56
Павлодарда мұнай-газ жабдықтарын шығаратын зауыт іске қосылды
Аймақтар • Бүгін, 13:47
Иранда 10 қабатты ғимарат құлап, жүздеген адам зардап шекті
Әлем • Бүгін, 13:35
Референдум: Конституцияда не өзгеруі мүмкін?
Референдум-2022 • Бүгін, 13:21
Елімізде 2 миллионнан астам жаңа жұмыс орны ашылады
Үкімет • Бүгін, 13:10
Біртанов Бас прокурордан мемлекеттік айыптаушыларды ауыстыруын сұрады
Қоғам • Бүгін, 12:55
Есірткі сақтаған шымкенттік тұрғын ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 12:45
Зейнетақы төңірегіндегі теңсіздіктер қайтсе жоғалады?
Қоғам • Бүгін, 12:37
Сурдлимпиада ойындарының жүлдегерлеріне пәтер берілді
Спорт • Бүгін, 12:28
Елімізде 280 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылады
Қоғам • Бүгін, 12:22
Қызылордада қала тазалығына жауапты жұмысшылар автобуста тегін жүреді
Аймақтар • Бүгін, 12:10
Қазақстан мен Қырғызстан Президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 12:06
Артық төленген утиль алымды қайтаруға өтінім қабылдау басталды
Қоғам • Бүгін, 11:57
Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентімен кездесті
Президент • Бүгін, 11:52
Екібастұзда 5 жастағы бала терезеден құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 11:47
Қазақстан Қырғызстанға әскери көмек көрсетеді
Парламент • Бүгін, 11:42
Сенегал ауруханасындағы өрттен 11 нәресте қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 11:35
Алматыда лауазымды тұлғалар 50 млн теңге ұрлаған
ANTIKOR • Бүгін, 11:30
Қарағандыда заңсыз покер клубы анықталды
Аймақтар • Бүгін, 11:22
БҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы ауысты
Тағайындау • Бүгін, 11:17
Қазақстан Арменияға мұнай өнімдерін сатады
Парламент • Бүгін, 11:03
Ұқсас жаңалықтар