Қазақстан • 17 Тамыз, 2021

Кәрім Мәсімов әскери қызметшілерді мерекесімен құттықтады

563 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҰҚК Төрағасы ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты Кәрім Мәсімов Шекарашылар күні қарсаңында әскери қызметшілерді құттықтады, деп жазады Egemen.kz.

Кәрім Мәсімов әскери қызметшілерді мерекесімен құттықтады

2021 жылғы 17 тамызда Шекарашылар күні қарсаңында ҰҚК Төрағасы ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты Кәрім Мәсімов Алматы облысының «Баянкөл» Шекара бөлімшесінде болып, ведомствоның жеке құрамы мен ардагерлерін құттықтады. Отанның қасиетті шебін күзету жөніндегі жауапты қызметте табыс тіледі.

«Мемлекеттік шекараны сенімді қорғауды және күзетуді қамтамасыз ету - Комитеттің маңызды міндеті және ел басшылығының жіті назарында. Жаңа қауіп-қатерлер мен сын-тегеуріндерді ескере отырып, Шекара қызметін реформалау және Ұлттық қауіпсіздік органдары жүйесіне интеграциялау жүргізілді», деп жазылған ведомствоның баспасөз хабарламасында.

1

1992 жылы Тәуелсіз Қазақстанның шекара қызметін құру туралы Жарлыққа қол қою қарсаңында Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Алматы облысындағы «Баянкөл» заставасында болды.

Соңғы жаңалықтар