
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Е.Қиясовтың баяндамасын тыңдағаннан кейін вице-премьер қабылданып жатқан шаралар елдегі эпидемиялық жағдайды тұрақтандыруға ықпал ететінін атап өтті.
Бүгінгі таңда инфекциялық төсектік орындардың толымдылығы 55%-ды, реанимациялық төсектік орындардың жүктемесі 47%-ды құрайды. Бұл ретте Е.Тоғжанов бірқатар өңірде, атап айтқанда, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында, Маңғыстау, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында халықты вакцинамен қамту жұмысының белсенділігінің төмен екенін алға тартты. Сондай-ақ ол Ақмола, Маңғыстау, Атырау және Қостанай облыстарында тұрғын үй аулаларын аралау арқылы халық арасында екпе жұмыстарының ұйымдастырылмағанын атап өтті. Осыған байланысты Премьер-Министрдің орынбасары анықталған кемшіліктерді түзету бойынша тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.
Сонымен қатар мемлекеттік органдарға 2021-2022 жылдарға арналған COVID-19-ға қарсы іс-қимыл жөніндегі жедел іс-қимыл жоспарын әзірлеу, қызмет көрсету саласында вакцина алмаған қызметкерлерді анықтау жөніндегі мониторингтік топтардың іс-қимыл алгоритмін бекіту жөнінде тапсырмалар
берілді.