Күрес • 18 Тамыз, 2021

Қазақстандық балуан әлем чемпионатының финалына шықты

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық балуан Нұрдәулет Қуанышбай жастар арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстандық балуан әлем чемпионатының финалына шықты

Ресейдің Уфа қаласында еркін күрестен әлем біріншілігі өтіп жатыр.

74 келіде сынға түскен Нұрдәулет Қуанышбай финалға жолдама алды. 

Сонымен қатар 57 келіде Есенгелді Асылжан, 65 келіде Бекзат Ермекбай қола жүлдегер атанды.

Бұл туралы ҰОК баспасөз қызметі хабарлады.