Биылғы жаз маусымы ерекше құрғақ болды, соның салдарынан еліміздің батысы мен оңтүстігінде бірқатар өңірлер зардап шекті. Құрғақшылықтың салдарын жою үшін жедел шаралар қабылданды. Зардап шеккен өңірлерді жем-шөппен қамтамасыз ету мәселелерін шешу үшін жергілікті және орталық атқарушы органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі республикалық жедел штаб құрылып, жұмыс істеуде. Жем-шөп сатып алу үшін Үкімет резервінен Маңғыстау және Қызылорда облыстарына 3,6 миллиард теңге бөлінді, жем-шөп дайындауға қосымша 43,1 мың тонна арзан дизель отыны бөлінді. Солтүстік өңірлерден жем-шөп жеткізілді. Батыс өңірлерді жем-шөппен қамтамасыз ету мәселесіне волонтерлер де кірісті», деді А. Мамин Үкімет отырысында.
Оның айтуныша, республикадан жем-шөп шығаруға және жемдік астық экспортына квота беруге уақытша тыйым салынды. Қабылданған шаралардың арқасында жем-шөппен қамтамасыз ету мәселесі жалпы тұрақтанды.
«Ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдіктер осы бағыттағы жұмысты жалғастырып, жағдайды ерекше бақылауда ұстауы қажет», деді Үкімет басшысы.