Аймақтар • 18 Тамыз, 2021

Есірткі еккен түркістандық азамат ұсталды

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысының тұрғынынан каннабистің екі бұтасы тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Есірткі еккен түркістандық азамат ұсталды

Бірлескен жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Түркістан облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Мақтарал АПБ қызметкерлері құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсірумен айналысқан күдіктіні анықтады.

Тінту барысында полиция күдіктінің ауласынан қарасора тәрізді өсімдіктің екі бұтасын тапты. Алынған заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді.

Сараптама қорытындыларына сәйкес, бұл жалпы салмағы 25 грамнан асатын қарасора екені анықталды. Ер адамның айтуынша, ол даладан есірткі тауып алып, оны өз учаскесіндегі жүгері арасына еккен.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 300-бабы «Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру» бойынша СДТБТ-де тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.