Аймақтар • 18 Тамыз, 2021

Атырауда вакцина салдырған бойжеткен туристік жолдамаға ие болды

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда вакцина салдырған бойжеткен туристік жолдаманы ұтып алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда вакцина салдырған бойжеткен туристік жолдамаға ие болды

Ұтыс ойынын «Тамаша» сауда орталығы ұйымдастырды. Оған 24 маусымнан бері вакцина салдырған екі мыңнан астам тұрғын қатысты.

Алдымен екі 10 мың теңгелік, бір 30 мың теңгелік ақшалай ұтыс ойнатылды. Ұтыс ойынының басты жүлдесі – 500 теңгелік туристік жолдамаға Құрманғазы ауданының тұрғыны Аида Шайхиева ие болды.  

«Бір ай бұрын сауда орталығында вакцина салдырған едім. Енді міне, 500 мың теңгенің туристік жолдамасын ұтып алдым. Бұл – мен үшін тосын сый», дейді Аида Шайхиева.