Экология • 18 Тамыз, 2021

Табиғи монополиялар заңнамасын бұзғандарға айыппұл салынды

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының міндетін атқарушысы Асхат Жапсарбай мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Табиғи монополиялар заңнамасын бұзғандарға айыппұл салынды

Комитет төрағасының айтуынша, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті табиғи монополиялар саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін былтыр 1 млрд теңге көлемінде әкімшілік айыппұл тағайындады.

Сондай-ақ Президенттің 2019 жылғы 19 маусымдағы тапсырмаларын орындау аясында тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласында табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушылардың қаражатын мақсатты пайдалануға және коммуналдық қызметті ынталандыру қатынасын қалыптастыруға арналған шаралар қабылданды. 

Комитеттің дерегіне сүйенсек, аталған бағытта әкімшілік құқықбұзушылық бойынша 412 қаулы шығарған.

«Оның ішінде мемлекет кірісіне 631,2 млн теңге, 2021 жылдың 1-жартыжылдығы үшін әкімшілік айыппұлдар – 332,8 млн теңге, оның ішінде мемлекет кірісіне 173,7 млн теңге өндірілді. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру аясында 2020 жылы Қазақстан Республикасы Табиғи монополиялар саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы 390 нұсқама енгізіліп, 244-і орындалды.

2021 жылдың 1-жартыжылдығында табиғи монополиялар туралы заңнама нормаларының бұзылуын жою туралы 270 ұйғарым енгізілді, оның 162 ұйғарымы орындалды», деді ол.