Қазақстан • 18 Тамыз, 2021

Қыркүйектен бастап электр тарифі қымбаттайды

239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1 қыркүйектен бастап еліміздің бірнеше өңірінде тұтынушылар үшін электр қуатының тарифі қымбаттайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қыркүйектен бастап электр тарифі қымбаттайды

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының міндетін атқарушысы Асхат Жапсарбай электр қуатының тарифі жайлы ақпарат берді.

«Шынымен де, Энергетика министрлігі электр қуатын өндіруші ұйымдар үшін тарифті орта есеппен 15 пайызға көтерген болатын. Қарапайым электр тұтынушыларға оның әсері қандай болатынына келсек, қазір бұл мәселе пысықталып жатыр. Тариф орта есеппен 7,2 пайызға өседі. Яғни өңірлер арасында айырмашылық болады. Бұл тарифті көтерген кезде қарапайым халыққа әсер етпейтіндей етіп өткізуге тырысамыз. Яғни сараланған тариф белгілейміз. Осының арқасында қарапайым халыққа ауыр тимейтіндей тариф бекітіледі деп үміттенеміз», деді комитет басшысы.

Оның айтуынша, 1 қыркүйектен бастап бірнеше өңірде тариф жоспар бойынша көтерілмек.

«Тариф 1 қыркүйектен бастап көтеріледі. 1 сәуірден бастап электр өндірушілері үшін тариф көтерілген болатын. 1 шілдеде тарифтердің бір бөлігін көтердік. Баяндамада 7 пайыз деп айтқаным осы болатын. 1 қыркүйектен бастап тариф көтеріліп үлгермеген өңірлерде өзгеріс болады. Сонда республика бойынша орта есеппен 3,5 пайыз пайыз болуы керек», деп нақтылады Асхат Жапсарбай.