Коронавирус • 18 Тамыз, 2021

Атырауда 10 мыңға жуық адам коронавируспен ауырып жатыр

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында қауіпті вирусқа шалдығып, емделіп жатқандар саны 9 932 адамға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда 10 мыңға жуық адам коронавируспен ауырып жатыр

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, өткен тәулікте 550 адам қкоронавирус ифнекциясын жұқтырған. Оның ішінде Атырау қаласында – 241, Жылыой ауданындағы Теңіз кен орнында 185 науқас тіркеліп отыр. Ал, Қызылқоға ауданында – 27, Жылыойда – 27, Индерде – 26, Исатайда – 17, Мақатта – 15, Махамбетте – 10, Құрманғазы ауданында 2 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.

Науқастардың арасында 340 адам симптомды белгі табыған. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 489 науқас сауығып шықты.

«Қазір 8 143 адам үй жағдайында ем қабылдауда. Өңірдегі инфекциялық стационарларда 1 789 науқас емделіп жатыр. Оның ішінде Теңіз кен орнындағы стационарда – 412, аудандардағы стационарларда – 387, модульдік ауруханада – 192, №2 облыстық ауруханада – 189, облыстық ауруханада – 176, теміржол ауруханасында – 106, кардиологиялық орталықта 101 науқас бар. Сондай-ақ, фтизиопульманология орталығында – 97, ал, жатақханаларда 129 пациент оқшауланған», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.