Аймақтар • 18 Тамыз, 2021

Аса ірі көлемде есірткі заттарын сақтаған қызылордалық ұсталды

294 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда тұрғынынан аса ірі есірткі партиясы табылды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Аса ірі көлемде есірткі заттарын сақтаған қызылордалық ұсталды

Жамбыл облысы полиция департаменті ЖПҚ жол-патрульдік полициясы батальонының қызметкерлері Мойынқұм ауданы ПБ қызметкерлерімен бірлесіп «Алматы-Екатеринбург» тас жолының 366 шақырымында қызметтік иттің көмегімен 29 жастағы Қызылорда тұрғынын ұстады.

Тінту барысында күдіктіден 2 килограмм марихуана есірткі заты табылды.

«Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі «Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстың бұл түрі бойынша 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», деді Мойынқұм аудандық полиция бөлімінің бастығы Жарас Тохабаев.

Күдікті өз кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі кезде тергеу шаралары жүргізілуде.